"Атырау-Орал" жолының кей бөлігі төрт жолақты болады

765

Транзиттік дәліз 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта жаңартылады.  

"Атырау-Орал" жолының кей бөлігі төрт жолақты болады

Биылғы жылы "Атырау-Орал" жолының 75-125 шақырымы қайта жаңартылмақ. Қазіргі кезде жұмыстарындың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлейтін компания анықталды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады. 

"Жол қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң  төрт және екі жолақты болады. Бүгінгі таңда автомобиль жолының  75-125 шақырымында қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге арналған ЖСҚ әзірлейтін жобалық компания анықталған. Жоба осы шаралар аяқталған соң іске асырыла бастайды", – деп хабарлады министрлік.

Аталған автомобиль жолы осыдан 15 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Үшінші техникалық санаттағы трасса салмағы 8 тоннаға дейін болатын тәулігіне шамамен 3000 көлікті өткізе алады. 

"Айта кету керек, жоба автомобиль жолының өткізу қабілетін арттыруға, апаттық жағдайларды төмендетуге, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға, сондай-ақ, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек", – деп жазылған хабарламада. 

Еске салайық, "Атырау-Орал" автомобиль жолы 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта жаңартылады. Ол Каспий теңізінің порттарына шығуға мүмкіндік беретін екі облыс орталығын байланыстыратын маңызды транзиттік дәліз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу