"Атырау – Самара" бағытындағы мұнай тасымалы қалпына келді

307

Бұл туралы Энергетика министрінің кеңесшісі – ведомствоның ресми өкілі Әсел Серікпаева хабарлады.

"Атырау – Самара" бағытындағы мұнай тасымалы қалпына келді Фото: РИА Новости

"Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау штаттық режимде қайта жанданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2026 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша "Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Техникалық тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнай айдау қайта қалпына келтірілді" , – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін, 2 қарашада Ресей аумағындағы Самара өндірістік-диспетчерлік торабының нысандарына дрон шабуылы жасалды. Осыдан кейін "Атырау – Самара" мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау уақытша тоқтатылды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Атырау – Самара құбыры Қазақстандағы мұнай кен орындарын Ресейдің мұнай тасымалдау жүйесімен байланыстырады. Бұл бағыт арқылы қазақстандық мұнай одан әрі экспортталады. Құбырдың жалпы ұзындығы шамамен 1 380 шақырымды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу