Атырау тұрғындарының көлік салығы бойынша қарызы 273 млн теңгеге жуықтады

471

Қалада арнайы рейд жүріп жатыр. 

Атырау тұрғындарының көлік салығы бойынша қарызы 273 млн теңгеге жуықтады Фото: inform.kz

Атырау облысында 5265 тұрғын көлік салығын төлемей, мемлекетке 272,9 млн теңге қарыз болып қалған. Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, көлік салығын төлемеуден Атырау қаласы, Жылыой және Құрманғазы ауданының тұрғындары көш бастап тұр.

"Жүргізілген рейдтік іс-шара барысында салық берешегі 1 530 425 теңге болатын Toyota Hilux автокөлігі анықталды. Көлік айыппұл тұрағына жіберілді. Қалада барлығы 50-ден астам борышкер анықталды. Бюджетке 1,5 млн теңгеге жуық салық берешегі өндіріп алынды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жеке тұлғалардан көлік құралдары бойынша салық берешегін өндіріп алу үшін Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері тәртіп сақшылары және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп рейд жүргізуде.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу