Атырау вокзалын жөндеу кезінде жұмысшы 5 метр биіктіктен құлап, басынан жарақат алды

557

Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Атырау вокзалын жөндеу кезінде жұмысшы 5 метр биіктіктен құлап, басынан жарақат алды Фото: gov.kz

Қазір 42 жастағы ер адам облыстық ауруханада ем алып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол басынан жарақат алып, нейрохирургия бөліміне жатқызылған, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 15 қазанда болған. Жұмысшы құрылыс құрылғысынан құлап кеткен. Жанында болған тағы бір жұмысшы жеңіл-желпі жарақаттанған. Дәрігерлер ер адамды тексергеннен кейін үйіне қайтарған.

Көліктегі полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды", – деп хабарлады ведомстводан.

Вокзалды қайта жаңарту жұмыстарын "Батыс Альянс Строй" ЖШС жүргізіп жатыр. Шілде айында-ақ "ҚТЖ" басшылығы нысанды тексеру кезінде еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын анықтап, мердігер ұйымдарға тиісті бақылаудың жоқтығын көрсеткен болатын. Ол кезде кемшіліктерді жою тапсырылды. Жоспар бойынша нысандағы жөндеу жұмыстары қазан айында толығымен аяқталуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу