Атырау теміржол вокзалындағы ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстары екі ауысыммен ұйымдастырылып, нысанда 170 адам үздіксіз еңбек етуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құрылыс барысымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев жеке танысып шықты.
Вокзал ғимаратында жылыту батареялары орнатылып, жылу жүйесі іске қосылды. Еденге кафель төселіп, қабырғаларды қаптау және бояу, төбені әрлеу жұмыстары бабымен жүргізіліп жатыр.
Жолаушылар үшін жағымды өзгеріс ретінде айтсақ, жаңарған кешенде лифтілер мен эскалаторлар орнатылады. Бұл қолында ауыр жүгі бар және мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін өте қолайлы болады.
Тексеру нәтижесінде жауапты мамандарға жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.