Атырауда 100 келіге жуық бекіре балықтарын заңсыз тасымалдаған күдікті анықталды

298

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Атырауда 100 келіге жуық бекіре балықтарын заңсыз тасымалдаған күдікті анықталды Фото: polisia.kz

21 маусым күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ғаббас Берғалиев көшесі бойында орналасқан ғимараттың алдында бекіре тұқымдас балықтарды тасымалдау кезінде 1996 ж.т. қала тұрғынының басқаруындағы Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды. 

Тінту кезінде көліктің артқы салонынан салмағы 99,9 келіні құрайтын 4 полиэтилен пакеттегі 29 дана бекіре тұқымдас балықтары табылып,  тәркіленіп, қылмыстық іске тіркелді.
ҚР ҚК-тің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу