Атырауда 100 мектеп SOS батырмасы мен "Сергекке" қосылды

133

Атырауда мектептер күшейтілген қауіпсіздік режиміне көшіп жатыр.  

Атырауда 100 мектеп SOS батырмасы мен "Сергекке" қосылды Фото: polisia.kz

Осылайша 100 білім ордасы полицияның жедел басқаруымен тікелей байланыстыратын SOS дабыл түймесімен қамтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Егер оқушылар төтенше жағдайға тап болса, түймені басып, бірден полиция департаментінің жедел басқару орталығына шыға алады.

Оқиға орнына ювеналдық полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, жақын маңдағы жол-патрульдік полиция қызметкері жіберіліп, түйменің не себепті басылғанын анықтайды.

Сондай-ақ қала аумағындағы 2750-ге жуық "Сергек" бейнебақылау камерасының 100-і мектептерге орнатылған. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта SOS дабыл нүктелерінің санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, еліміз бойынша жаңа оқу жылы алдында мектеп маңындағы қауіпсіздік те қатаң тексеріледі. Жаңа оқу жылының басталуына орай Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 31 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында "Назар аударыңыз – балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді тапсырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу