Атырауда 2 келі бекіре уылдырығы тәркіленді

125

Әйел адам қаладағы қонақ үйлердің бірінің маңында ұсталды. 

Атырауда 2 келі бекіре уылдырығы тәркіленді Фото: polisia.kz

Атырау облысының полициясы республикалық "Бекіре-2025" профилактикалық іс-шарасы барысында бекіре тұқымдас балығының уылдырығын заңсыз тасымалдаған әйел адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жеке тінту барысында қолында қара полиэтилен дорбасынан 4 пластикалық ыдысқа салынған бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылып, тәркіленді.

Табылған уылдырықтың жалпы салмағы 2,006 келіні құрады. Қазіргі уақытта соттық-биологиялық және тауартанушылық сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу