Атырауда 22 тонна жүк жанып кетті

754

Көлік Түркиядан Қырғызстанға бара жатқан.

Атырауда 22 тонна жүк жанып кетті

Атырау облысында Түркиядан Қырғызстанға бара жатқаншетелдік көліктің тіркемесі өртеніп, 22 тонна жүгі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Исатай ауданындағы Жанбай ауылының тұсында болған.

"31 тамызда жергілікті уақытпен сағат 03:00 шамасында "Астрахань-Атырау" жолының бойында шетелдік "MAN" көлігінің тіркемесі өртенді. Көлік жүргізушісі Түркия азаматының айтуынша, тіркемеге 22 тонна мақта рулоны тиелген. Жүкті Түркиядан Қырғызстанға апара жатқан. Өртті сөндіруге Исатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Шетелдік көліктің тіркемесіндегі жүк толығымен жанып кеткен. Ал көлік кабинасы бүлінген жоқ. Өрттен ешкім зардап шекпеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда шетелдік көлік өртенген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу