Атырауда 275 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды

646

Іс-шараның төрт күнінде 20 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілген.

Атырауда 275 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды

Атырау облысы аумағында 8 ақпан мен 16 ақпан аралығында "Борышкер" жедел- профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында атыраулық полиция қызметкерлері 275 автокөлікті айыппұл тұрағына қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұраққа қойылған көліктің 170-тен астамы Ресейде, 70-тен астам көлік Арменияда тіркелген.

Жедел-профилактикалық іс-шараға 250-ден аса полиция қызметкері, оның ішінде әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері, сот орындаушылар да қатысты.

Іс-шараның төрт күнінде 20 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілген.

Жолда жүру қозғалысын бұзғандарға айыппұл төлеу қажеттілігі туралы 1100-ден астам нұсқама (705 – Ресейде, 406 – Арменияда, 45 – Қырғызстанда тіркелген көліктер) тікелей тапсырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу