Атырауда 3 адам газдан уланып қайтыс болды

238

Аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды. 

Атырауда 3 адам газдан уланып қайтыс болды Фото: freepik

28 желтоқсан күні шамамен сағат 13:40-та Томарлы ауылында үш адам газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, үш адамның өліміне табиғи газбен жұмыс істеген жылыту пешінде тартудың болмауы себеп болған.

“Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлайды басылым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу