Атырауда 42 шақырымға жүгіруден марафон өтеді

1446

Атырауда 42 шақырымға жүгіруден марафон өтеді

Атырауда 42 шақырымға жүгіруден марафон өтеді, деп хабарлайды atr.kz.

Спорттық шараны жергілікті әкімдік пен облыстық жеңіл атлетика федерациясы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту.

"ATYRAU MARATHON 2018" жарысы 3 қашықтық деңгейі бойынша өтеді. Біріншісі — 4 500 метрге жаппай жүгіру. Оған 16 жастан жоғары азаматтар қатыса алады. Екіншісі – 10 шақырымға жүгіру. Үшіншісі – марафон. Оның қашықтығы - 42 шақырым, 195 метр. Жарысқа 18 жастан асқан азаматтар қатысып, бағын сынауға мүмкіндігі бар.

Мәреге жеткен қатысушылардың барлығы "Атырау марафон — 2018 жыл" естелік медалімен марапатталатын болады.

Марафон 13 мамыр күні өтеді. Бүгінде қатысушыларды тіркеу жұмыстары басталып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу