Атырауда 421 жаңа басқару органы құрылды

800

Тұрғындардың ПИК жұмысы тоқтайтыны түсіндірілуде.

Атырауда 421 жаңа басқару органы құрылды

Келер жылы елімізде пәтер иелері кооперативтері өз жұмысын тоқтатпақ. Атырау облысында осыған орай түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, деп жазды inbusiness.kz.

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері тұрғындарға жаңа реформаны түсіндіру мақсатында 934 жиналыс өткен. Қолданысқа енген заңға сәйкес, үйлерді басқарудың екі формасы енгізіліп отыр. Олар — мүліктің меншік иелері бірлестіктері мен жай серіктестік құру. Жаңа жүйеде әрбір көппәтерлі үйде бірлестік құрылып, әр үйдің өзінің жеке есепшоттары болады. Бұл меншік иелері өздері тұратын үйдің жағдайын өздері реттеп, бақылайды деген сөз. 

"Қазіргі таңда облыс бойынша 7 мүлік иелерінің бірлестігі және 414 жай серіктестік, барлығы 421 жаңа басқару органы құрылғанын мәлімдеді. Бұл құрылуы қажетті үйлердің жалпы санының 26,5 пайызы" - дейді Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Назаров. 

Басқарма басшысы аталған жұмыстарды жүргізуде кейбір мәселелер кездесіп отырғанын жасырмайды. Мәселен, тұрғындар саны аз 8-10 пәтерлік үйлерде басқару органын құру қиындық туғызуда екен. Сондай-ақ бүгінгі күнге облыс бойынша 395 кондоминиум нысаны ғана тіркеліп, жоспар 22 пайызға орындалған. Ал облыста қайта құруға жататын 1 583 басқару органы бар.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу