Атырауда 5,1 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

97

Оның ішінде 4,5 мың гектары жайылымдық жер болса, 0,6 мың гектары өзге мақсаттағы учаскелерге жатады.  

Атырауда 5,1 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды Фото: krisha.kz

Атырау облысында жыл басынан бері жалпы аумағы 5,1 мың гектар болатын 13 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, өңірде пайдаланылмай жатқан 40 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланып отыр.

"Жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында учаскелерді бөлу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, конкурс арқылы жалпы көлемі 11,9 мың гектар болатын 32 жер учаскесі табысталса, аукцион арқылы 9,1 гектар болатын 7 учаске берілді", – деді басқарманың бөлім басшысы Назкен Өтешова.

Мамандардың сөзінше, бұл іс-шаралар жерді тиімді игеруді қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң әсерін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу