Атырауда 5 жасар қыз каналға батып кетті

461

Жақындары баладан бірер минутқа көз жазып қалған.

Атырауда 5 жасар қыз каналға батып кетті Фото: all-rf.com

Атырау қаласына қарасты Тасқала елдімекенінде 5 жасар қыз каналға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл деректі облыстық Полиция департаменті растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 23 маусым 17:00 шамасында болған. Бүлдіршіннің денесі сағат 23:00 шамасында жақын маңдағы каналдан табылды.

Полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу