Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

1883

Атыраулық әйел жасанды ұрықтандыру жолымен сәби сүю мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

"Атырау облыстық перинаталдық орталығында 19 қаңтар күні білікті дәрігерлердің қатысуымен жүкті әйелге ота сәтті жасалды. Салмағы 3 келі, 70 грамм ер бала дүниеге келді.

Бойы – 51 см. Жүкті әйел орталыққа қағанақ суы кетіп келгендіктен, ота шұғыл түрде жасалған.

Қазіргі таңда ана мен сәбидің жағдайы жақсы", – делінген Атырау облыстық перинаталдық орталығының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу