Атырауда 546 шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды

871

Атырау облысы аумағында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Атырауда 546 шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды

Атырауда 546 шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрінің нұсқауымен Атырау облысы аумағында 10-17 наурыз аралығында республикалық "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

"Жедел шараның төрт күнінің қорытындысы бойынша көші-қон заңдылықтарын бұзған 546 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған шетелдіктерді қабылдаған 108 адам жауапкершілікке тартылса, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 15 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзған 17 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.​ Қабылдау-тарату орнына мәжбүрлі түрде шығару үшін екі тұлға қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу