Атырауда 59 жастағы азамат жоғалып кетті

237

Үстінде қара түсті күрте мен шалбар болған.

Атырауда 59 жастағы азамат жоғалып кетті Фото: Атырау облыстық ПД

Атырау облысы Мақат ауданының тұрғыны Талғат Назаров 9 қаңтар күні жоғалып, 4 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол қалаға ем алу үшін келіпті. Өйткені бұрыннан эпилепсия дертімен ауыратын көрінеді. 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да Көкарна ауылындағы қызының үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Туыстары сол маңдағы бейнебақылау камералары арқылы оның Жайықтың жағасымен жаяу кетіп бара жатқанын анықтаған. Келесі күні жағалау бойынан бас киімі мен телефоны табылыпты.

– Атырау қаласының аумағында 59 жастағы ер адамның із-түссіз жоғалу дерегіне қатысты жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Криминалдық полиция бөліністерінің мәліметіне сәйкес, ер адамның іздері Жайық өзенінің маңынан анықталып, жеке заттары табылғандықтан ТЖД күш-құралдары жұмылдырылды, – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердаулет.

Полиция таратқан мәліметке сәйкес, ер адамның бойы 170-175 сантиметр шамасында, дене бітімі орташа. 

Жоғалған азаматтың туыстары іздеуге кинолог мамандарды тартып, өзен маңында тұратын азаматтардың үйлеріндегі бейнекемаларда қандай да бір мәлімет болса, бөлісуді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу