Атырауда 9-сынып оқушысы қатарлас қызды үшкір затпен жарақаттады

102

Атырау қаласындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысы қатарлас қызды үшкір затпен жарақаттады. Оқиға бүгін түстен кейін болған.  

 Атырауда 9-сынып оқушысы қатарлас қызды үшкір затпен жарақаттады Фото: бейнежазбадан

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ретінде танылған 9-сынып оқушысы ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицияның хабарлауынша, барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу амалдары қолға алынған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар бала тәрбиесіне тиісті деңгейде көңіл бөлмеген ата-анасы да жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған оқушының Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы орташа ауырлықта, бірақ тұрақты. Ол медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Емдеу жұмыстары қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда оқушының қатарластарын балтамен қуалаған оқиғасы тіркеліп, аталған дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу