Атырауда алғаш рет парадзюдодан Әлем кубогі өтуде

1469

Қазақстан құрамасы әзірге 2 қола жүлде еншіледі. 

Атырауда алғаш рет парадзюдодан Әлем кубогі өтуде

Қазақстандағы алғашқы Әлем кубогінде 200-ге жуық балуан белдесуде, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
9 қыркүйек күні Атырау қаласында парадзюдодан әлем кубогының ашылу салтанаты өтті. 
Әлем кубогының нәтижесі бойынша Токио 2020 Паралимпиадасына лицензиялық ұпайлар таратылатының ескерсек, бұл доданың маңыздылығы ерекше. Мұнайлы өлкедегі тартысқа әлемнің 20 елінен 200-ге жуық балуан жиналған. Олардың ішінде Паралимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары бар.
Жарыстың алғашқы күні Корея елінің спортшылары үшін табысты өтті. Олар 3 алтын және 2 қола медальмен көш басында келеді. Украина, Бразилия, Франция және Грузия елдерінде бір-бір алтын жүлдеден бар.
Қазақстан құрамасы әзірге 2 қола жүлде еншіледі. 60 келі салмақта Олжас Оразалыұлы мен 66 келіде Азамат Нокушев үздік үштіктен көрінді. Ал, атыраулық 3 балуан бүгін бақтарын сынайтын болады.

Ақтық кезең бүгін 14:00-де "Атырау" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу