Атырауда ана өліміне дәрігерлер кінәлі деп танылуы мүмкін

865

Марқұмның артында 5 баласы жетім қалды.

Атырауда ана өліміне дәрігерлер кінәлі деп танылуы мүмкін

Атырауда егізін босанған соң қайтыс болған әйел сепсистен ажал құшқан. Эксгумация қорытындысы осыны көрсетіпті. Бұл туралы 2-ші қалалық сотта жәбірленуші тарап айтты, деп хабарлайды astanatv.kz.

Сотта сөз алған 25 жаста болған марқұм Анаргүл Майлыбаеваның туыстары айыпталып отырған 4 дәрігерден өзгелерін де жауапқа тартуды талап етті. Қабылдау бөліміндегі маман мен облыстық перинеталды орталықтың бұрынғы басшысының да жазалануын сұрайды.

"Эксгумацияға барған себебім, іспен танысқан кезде тәуелсіз сараптама да, жергілікті сараптама да, медиктердің бәрі менің сіңлімде "тромба" деп шығарып берді. Сараптама қорытындысы бір-бірінен көшіріп алғандай әсер қалдырады", – дейді марқұмның әпкесі Өміргүл Майлыбаева.

Жәбірленуші тарап шағымданып жүріп, 5 ай дегенде қорытынды жауап алған. Эксгумация нәтижесінде марқұмның сепсистен көз жұмғаны анықталған.

Еске салсақ, бұл келеңсіз жағдай, 2017-ші жылдың 5 шілдесінде облыстық перенеталдық орталықта орын алған еді. Анасына дәрігерлер кесарь тілігін жасап, егіз бала дүнеиге келді. Бірақ, іле-шала анасы қайтыс болды. Келіншектің артында 5 баласы жетім қалды. Осы оқиғадан кейін 4 дәрігерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 317 бабы бойынша, яғни, "медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан адамның өліміне абайсызда әкеп соғу" дерегімен айып тағылды. Қазір іс сотта қаралып жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу