Атырауда анасы мен 5 бала ыстан уланып қалды

673

Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.  

Атырауда анасы мен 5 бала ыстан уланып қалды

Атырауда әйел бес баласымен ыс тиіп қалды, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаменті.

"Бүгін таңертең облыстық балалар ауруханасына 32 жастағы ана мен оның екіден 13 жасқа дейінгі бес баласы жеткізілді. Олардың барлығы көмірқышқыл газынан уланған. Улану себебі үйдегі пештің ақаулығынан болған", – деді облыстық ТЖ департаменті.

Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен әйел мен бес балаға медициналық көмек көрсетілді, ем қабылдап жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу