Атырауда аңшылық кезінде ер адам серігін абайсызда атып өлтірді

286

Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда болған.  

Атырауда аңшылық кезінде ер адам серігін абайсызда атып өлтірді Фото: buqara.kz

Оқыс жайт түнгі сағат 02:30 шамасында Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Аққора ауылы маңындағы далада болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам аң аулауға шықпас бұрын алкоголь ішкен. 36 жастағы ер адам 39 жастағы серігін абайсызда атып жіберген.

Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу