Атырауда арнайы жасақ басшыларына қатысты тексеру басталды

90

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада бөлім басшылығының қарамағындағы қызметкерлерге дөрекі сөйлеп, күш қолданғаны байқалады.  

Атырауда арнайы жасақ басшыларына қатысты тексеру басталды Фото: бейнежазбадан

Атырауда арнайы жасақ қызметкерлеріне қатысты жанжалға байланысты қызметтік тексеру басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға ақпан айында қызметтік бөлмеде болған. Қызметкерлер басшылық тарапынан құрметсіздік көрсетіліп, қызметтік өкілеттіктердің асыра пайдаланылғаны туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне арыз жолдаған.

Арызданушылардың айтуынша, арнайы жасақ командирі мен рота басшылары қызметкерлерге бейәдеп сөздер айтып, қолындағы затпен ұрған. Сондай-ақ оқиға кезінде командирлердің бірі есікті ішінен жауып тұрғаны айтылады.

Атырау облысы полиция департаменті аталған жайтты растады. Ведомствоның мәліметінше, қызметтік тәртіпті бұзу фактісі бойынша қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар бөлім басшылығының әрекеттеріне қатысты қызметтік тексеру басталып, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу