Атырауда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті (Видео)

1712

Марқұм жол ережесін бұзбаған. 

Атырауда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті (Видео)

Атырауда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қазіргі күні қайғылы оқиғаның мән-жайына байланысты жаңа деректер анықталуда,деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Атырау қаласында кеше сағат 20:25 шамасында маркасы "Daewoo Bс211ma" автобусы 1994 жылғы әйел адамды қағып кетіп, ол есін жимастан сол жерде қайтыс болды. Белгілі болғандай, бұл кезде қоғамдық "57" нөмірлі көлік ауысымын аяқтап, автобус паркіне қайтып келе жатқан. "Автобус Баймұханов көшесінің бойымен "Темір жол" вокзалы бағытынан Берғалиев көшесі бағытына қарай басқарып келе жатып, көше қиылысынан оңға бұрылу кезінде автобустың жүріс бағыты бойынша сол жақтан оң жаққа қарай жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен" деп түсіндіреді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Тергеу барысында, полиция қарсы жолақта тұрған көліктердің бірінен бейнежазба алып, соның нәтижесінде, қайтыс болған адамның жолды бағдаршамның жасыл түсі жанғанда кесіп өткенін анықтаған. Ал автобус рөлінде 1972 жылы туған жергілікті тұрғын отырған. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданылды.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу