Атырауда азық-түліктің 14 түрі төмен бағамен сатылып жатыр

680

Биыл Атырау облысының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерін  қолдауға 3,1 млрд теңге қарастырылды. 

Атырауда азық-түліктің 14 түрі төмен бағамен сатылып жатыр

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің сөзіне сілтеме жасап. 

"Өңірде 1 млрд 100 млн теңгенің үстінде тауарлық-қаржылық тұрақтандыру қоры қалыптасты. Осының шеңберінде 755 млн теңге мөлшерінде айналым қоры құрылып, өңірдегі "Идеал" ірі сауда желісімен келісім жасалды. Соның арқасында аталған желінің 36 сауда нүктесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрі нарықтан 10-15% төмен бағамен сатылуда", – деді Махамбет Досмұхамбетов. 

Облыс басшысының баяндауынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау үшін кәсіпкерлермен, тауар өндірушілермен және ірі сауда орындарымен 200-ден астам келісім жасалды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу