Атырауда БАҚ қызметкерлеріне жаңа пәтер кілті табысталды

200

Президент тапсырмасымен журналистерге әлеуметтік қолдау көрсетілді.  

Атырауда БАҚ қызметкерлеріне жаңа пәтер кілті табысталды Фото: gov.kz

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі БАҚ өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Іс-шара Президент тапсырмасымен жүзеге асырылды.

Отандық журналистиканың дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлер "Park Avenue" тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі баспанаға ие болды. Бұл бастама биыл алғаш рет қолға алынып отыр.

Жаңа қоныс иелерінің қатарында "Хабар" агенттігі" АҚ Атырау филиалының телеоператоры Айбек Байзақов та бар. Ол журналистика саласында 21 жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолын "Қазақстан" РТРК" АҚ-да бастаған ол кейін Atameken Business телеарнасында да ұзақ жыл қызмет атқарған.

Сондай-ақ жаңа баспанаға Atpress.kz сайтының бас редакторы Қаршыға Көшеков те ие болды.

– Журналистика саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін. Аудандық, облыстық және республикалық баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқардым. Бүгінгі қуанышты сәтті адал еңбектің жемісі деп білемін. Шынымды айтсам, дәл қазіргі көңіл күйімді сөзбен жеткізу қиын. Мемлекет басшылығының қолдауы мен ықыласына шынайы ризашылығымды білдіремін. Әріптестеріме шығармашылық табыс, елімізге өсіп-өркендеу мен жетістіктер тілеймін, – деді Қаршыға Көшеков.

Әлеуметтік қолдау БАҚ саласы мамандарына көрсетілген құрметтің айқын көрінісі ретінде атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу