Атырауда балабақша құрылысына 6 миллиард 579 миллион теңге бөлінді

886

Атырауда балабақша құрылысына 6 миллиард  579 миллион теңге бөлінді

Қазіргі уақытта 11 балабақша мен 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр, 10 балабақша мен 10 мектеп осы жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Балабақшалар құрылысына 6 млрд 579 млн теңге бөлінсе, ал мектеп құрылысына 8 миллиард 82 миллион теңге кетті. Балабақша мен мектеп құрылысы жергілікті бюджет есебінен және жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдар есебінен салынып жатыр", - деді Атырау облысы құрылыс басқарма басшысының орынбасары Мерей Жантуреев.

2017 жылы 2335 орынды 10 балабақша және 2622 орынды 10 мектеп-Құрманғазы, Қызылқоға, Индер, Махамбет және Исатай аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласында пайдалануға беру жоспарда бар.

Айта кететін жәйт, 2016 жылы 6 балабақша мен 2 мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ, облыстың әртүрлі аудандарында және Атырау қаласында 37 балабақша мен 20 мектеп құрылыс үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Жантуреевтің айтуы бойынша, қазіргі уақытта құрылыс басқармасы, сауықтыру лагерлері балалардың қыста және жазда да дем алуға мүмкіншілік беретін екі демалыс орындары үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу