Атырауда балық қорғау инспекторлары квадроциклмен Жайыққа түсіп кетті

318

Оқиға 7 қаңтарда браконьерлерге қарсы рейд кезінде болған.  

Атырауда балық қорғау инспекторлары квадроциклмен Жайыққа түсіп кетті Фото: azh.kz

Қызметкерлер құтқару жилеттерін кигендіктен, олар өздігінен қауіпсіз жерге шығып үлгерген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы болған оқиғаны ресми түрде растады.

"Мемлекеттік инспекторлардың қызметтік квадроциклмен абайсызда өзен суына түсіп кету фактісі тіркелді. Қызметтік міндетін атқарып жүрген инспекторлар тиісті қауіпсіздік құрал-жабдықтарымен, құтқару жилетімен қамтамасыз етілгендіктен, дер кезінде қауіпсіз жерге шықты. Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келтірілген жоқ", – деп хабардар етті инспекциядан.

Аталған оқиғаға байланысты тиісті қызметтер хабардар етілген. Ал қызметтік техниканы судан шығару, техникалық жай-күйін анықтау бойынша жұмыс қолға алынған.

"Оқиғаның мән-жайы анықталады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады", – деп мәлімдеді аталған инспекциядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу