Атырауда барлық телеарналар өшіріледі

960

Атырауда барлық телеарналар өшіріледі

Атырау облысының 8 елді мекенінде 4-11 қыркүйек аралығында телеарналар өшіріледі. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы сандық телерадио хабарларын тарату ұлттық желісі" жобасын жүзеге асыру аясында Атырау облысының радиотелеарналық стансаларында (РТС) аналогты эфирлік телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарын өшіру жұмыстары жүргізіледі", – деп хабарлады "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі.

4 және 5 қыркүйек күндері Мақат кентінде, 6-сы — Құлсары, 7-сі — Зинеден, 8-і — Жаңаауыл, 9-ы — Индербор, 10-ы — Қаракөл және Миялы, 11-ы — Сағыз кентінде телеарналар сөндіріледі. Телеарналардың өшірілуі Астана уақытымен 9-дан 10-ға дейін жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу