Атырауда бассейнге түскен 14 адам хлордан уланып қалды

197

13 шілде күні Атыраудағы бассейндердің бірінде адамдар хлордан уланды.

Атырауда бассейнге түскен 14 адам хлордан уланып қалды Фото: pixabay.com

Медициналық көмекке барлығы 14 адам жүгінген, оның үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Науқастардың жағдайлары тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

– Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді, су мен ауа үлгілері алынды. Хлор буы мөлшерінің артуы анықталған жоқ, зертханалық тексерулер жалғасып жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша зардап шеккендер денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды.

Өңірдегі барлық бассейндер мен аквапарктерге тексеру жүргізу тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу