Атырауда белгісіз біреу 8 жастағы қызды ертіп әкетпек болды

174

Жантүршігерлік жайтқа тұрғындар тосқауыл қойып үлгерген.  

Атырауда белгісіз біреу 8 жастағы қызды ертіп әкетпек болды Фото: Уфа - АиФ

Олар күдіктінің іс-әрекетті байқап, жедел полиция шақырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиғаның "Нұрсая Болашақ" шағынауданында кешкі уақыттарда болғаны анықталды. Белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған қызды ертіп әкетуге оқталғаны тұрғындардың ашуын туғызған. 

Олар ер адамды 20 минуттай ұстап, оқиға орнына полиция келемін дегенше әрекет еткен. 

Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған ақпаратқа сай, ер адам қашып үлгерсе де, көп ұзамай тәртіп сақшылары оны қолға түсірген. 

– Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері 1987 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу