Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға мұнайлы шаһар маңындағы Еркінқала ауылдық округінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Екі жасөспірімге қасақана дене жарақатын салған барлық күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктілердің кәмелет жасына толмауына байланысты заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынады. Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деп хабарлады.
Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау басталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу