Айлық орташа норма 17 мм болса, жауын-шашын бір жарым айлық мөлшерде түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, жұмысқа 40 вакуумды техника жұмылдырылып, 6450 текше метр су сорылды.
Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
"Коммуналдық қызметтердің жұмысы күні бойы үздіксіз жалғасып жатыр. Қала көшелері мен әлеуметтік нысандар аумағы тазартылуда. Тұрғындардан түскен 109 өтініш қаралып, су жиналған учаскелер кезегімен құрғатылуда. Қазіргі уақытта 21 вакуум техникасы жұмыс атқаруда. Қосымша вакуум техникаларын тарту жоспарланып отыр, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
109 бірыңғай байланыс орталығына 14-15 сәуір күні жауын суын тазарту туралы 393 қоңырау түскен, 57 өтініш орындалып жатыр.