Атырауда бір күнде екі өрт тіркелді

1030

Жұмысын жаңа бастаған монша өртеніп кетті.

Атырауда бір күнде екі өрт тіркелді

Атырауда бір күнде екі өрт тіркелді. Оның біріншісінде монша, екіншісінде көпқабатты тұрғын үйдің пәтері өртенген. Пәтер өртінен бір адам уланып, ауруханаға түскен, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Еркінқала ауылындағы монша 2019 жылы салынғанмен, одан бері өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жабық тұрған. Ал жұмысын жаңадан бастағанда өрт шығып, төбесі жанып кетті.

"27 желтоқсан күні сағат 11.52-де моншадан түтін шығып жатыр деген хабарлама келіп түсті. Өрт сағат 13.00-де оқшауланып, сағат 13.28-де жойылды. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Сондай-ақ бүгін Мәметова көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шығып жатқанын полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы байқап қалған.

Өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды тез арада ауыздықтағанымен, бір адам ыстан уланып, "жедел жәрдем" арқылы ауруханаға жеткізілді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу