Атырауда былтыр 11 бала ата-анасына еріп Сирияға кеткен

917

Атырауда былтыр 11 бала ата-анасына еріп Сирияға кеткен

Былтыр халықаралық іздеу жарияланған 8 атыраулықтың бесеуі Сирияға шекара асып кеткен. Бұл туралы Атырау қалалық №2 сотының судьясы Гаухар Ибрашева айтты, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Үш ер адам ДАИШ лаңкестік ұйымының аясында Сириядағы билікке қарсы қарулы қақтығысқа қатысу үшін кеткен. Оның екеуі отбасымен, кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен аттанған. Сондай-ақ екі әйел адам да кәмелетке толмаған балаларымен шекара асқан. Сотқа дейінгі тексеру оларды терроризмді насихаттады, ДАИШ террористік ұйымының жұмысына жәрдемдесті деп күдік келтіріп отыр", – деп түсіндірді Атырау қалалық №2 сотының судьясы Гаухар Ибрашева.

Қалалық соттың дерегінше, ересектермен бірге 11 бала да Сирияға аттаныпты. Сондай-ақ, әйелдерінің бірі Сирияда әлеуметтік желілері арқылы Қазақстан азаматтарына терроризмді насихаттап, лаңкестік әрекет жасауға шақырған. Ал екіншісі террористік ұйымға қолдау көрсетіп, жәрдемдескен деген ақпарат бар.

Сирияға шекара асқандардың барлығы 28 бен 36 жас аралығындағы дәстүрлі емес діни ағым өкілдері. Ал жуырда терроризмді насихаттады деген күдікке іліккен тағы бір азаматқа халықаралық іздеу жарияланып отыр. Судья оны Чехияға кетті деп отыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу