Атырауда егін егу жұмысы аяқталды

1058

Атырауда егін егу жұмысы аяқталды

Биыл Атыраудағы егіс алқаптарының көлемі 8237 гектарға жетіп, былтырғы көрсеткіштен 8,3 пайызға артты. Бұл бүгін Атырау облыстық әкімдігінде өткен кезекті жұмыс отырысында белгілі болды, деп хабарлайды atpress.kz.
Баяндама жасаған Атырау облыстық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы Сырым Рысқалиев облыста егін егу жұмысының аяқталғанын айтты. Оның айтуынша, көкөністер 2538 гектар аумаққа егілген, бақша дақылдары 1035 гектарға, картоп 2023 гектарға, мал азықтық дақылдардары 2808 гектарға егілген. Жоспардан тыс 175 гектар алқапқа жемдік мақсатта пайдаланылатын арпаның егілгені де белгілі болды.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақ тұрғындарын арзан әрі сапалы ауылшаруашылық өнімдерімен уақтылы қамтамасыз етудің маңызын айтып, бұл бағыттағы жұмысты бәсеңсітпеуді тапсырды. 

"Егістің ең бірінші өнімділігін арттыру, уақтылы жинап алып, арзан бағамен халыққа тікелей жеткізу, бағаны қымбаттатпау – басты меже", – деді Нұрлан Ноғаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу