Атырауда екі қабатты үйде жарылыс болды

1057

Атырауда екі қабатты үйде жарылыс болды

Атырау облысының әкімшілік орталығына жақын маңда тұрғын үй гаражында жарылыс болып, бір адам қаза тапты, ал төртеуі аураханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық ТЖД-дан.
Жарылыс туралы ақпарат төтеншеліктерге кеше 21:38-де түскен. Оқиға аймағына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 4-ші көшедегі 2 қабатты үйдің өртке оранғанын көреді. Үй егелерінің айтуынша, бірінші қабаттағы гаражда көлік жөндеу кезінде жарылыс болып, үйдің жоғарғы қабаты да қирап қалған. Бір әйел қиранды астында көміліп қалып, қайтыс болды. Сонымен қатар, облыстық ауруханаға күйік шалған төрт ер адам жеткізілді.
Өрт өшіріліп, енді оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу