Атырауда екі қайық соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті

304

Оқиға 22 маусым күні сағат 23:35-те болған.  

Атырауда екі қайық соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Атырауда Жайық өзенінде моторлы қайықтар соқтығысты. Салдарынан екі адам зардап шегіп, түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, су айдынында MAN-0468 және Dolphin ATR-0787 маркалы қайықтар соқтығысқан. Соның салдарынан екінші қайықтың екі жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

"Аталған факті бойынша барлық қажетті материалдар жиналып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

 Осы оқиғадан кейін полиция тұрғындарды су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу