Атырауда экологияны бұзған компанияға 923 млн теңге астам айыппұл салынды

331

Бұл туралы Бас Прокуратура хабарлады. 

Атырауда экологияны бұзған компанияға 923 млн теңге астам айыппұл салынды Фото: РБК

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Жылыой Болашақ" ЖШС-і рұқсат құжаттарынсыз мұнай шламдарын жинақтау бойынша қызметті жүзеге асырған. Компания 2022 жылдан бері қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламды жинақтаған.

Осы факті бойынша "Жылыой Болашақ" ЖШС-не сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу