Атырауда экстремизмге күдікті 10 адам ұсталды

319

Топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған.

Атырауда экстремизмге күдікті 10 адам ұсталды Фото: ҰҚК

2026 жылғы 30 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Атырау қаласында сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бір мезгілде 10 адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар экстремистік топ құру, оған басшылық етіп, оның қызметіне қатысып, сондай-ақ терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілініп отыр.

Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгерту мақсатын көздеген.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Олар құрған балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды.

Топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу