Атырауда ерлер колониясынан өрт шықты: 2 сотталушы зардап шекті

345

Олар көмірқышқыл газына уланған.  

Атырауда ерлер колониясынан өрт шықты: 2 сотталушы зардап шекті Фото: kaztag.kz

Оқиға 24 қаңтар күні кешкісін болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атыраудағы ерлер түзету колониясының барагынан өрт шықты. Сағат 17:20-да бір ғимараттың шатырынан от тұтанған.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Әмір Досқалиевтың айтуынша, зардап шеккен 2 сотталушыға дереу медициналық көмек көрсетілген. Өмірлеріне қауіп жоқ.

Сотталғандар қауіпсіздік мақсатында басқа барактарға көшіріліп, мекемеге кіретін жолдар уақытша жабылды.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері жұмыла іске кіріскен.

"Атырау облысы ТЖД-ның 112 пультіне Атырау қаласының Тасқала ауылындағы түзету мекемесінің шатырынан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Бөлімшелер келген кезде екі қабатты ғимараттың шатыры ашық жанып жатқаны анықталды. Өрт шыққан сәтте ғимаратта адамдар болмаған, олар кешкі серуенде жүрген. Қаза болғандар жоқ", – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу