Атырауда есірткі жасырып жүрген 17 жастағы жігіт ұсталды

207

Атырауда Қызылорда облысынан барған 17 жастағы жасөспірімнің есірткі жасырып жүргені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырауда есірткі жасырып жүрген 17 жастағы жігіт ұсталды Фото: Атырау облыстық Полиция департаменті

– Күдіктіні тінту кезінде қара изолентпен оралған 25 түйіншек табылды. Түйіншектің әрқайсысына 1 грамм ақ түсті ұнтақ салынған. Сараптаманың қорытындысымен ақ түсті ұнтақтың "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі екені дәлелденді. Есірткінің жалпы салмағы – 24,7 грамм, – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаменті. 

Сот шешімімен есірткіні заңсыз тасымалдаған жасөспірім тергеу изоляторына қамауға алынды. 

– Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 2297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі, – деп мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу