Атырауда Энергетика министрлігі, "QazaqGaz" ұлттық компаниясы және газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысын жүргізуге жауапты бас мердігердің қатысуымен техникалық кеңес өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгінгі таңда құрылыс алаңында 1300 маман жұмыс істеп жатыр, олардың 900-і тікелей технологиялық объектілерде жұмыс істейді.
Бекітілген жоспар бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталуы және ГӨЗ-дің іске қосылуы 2026 жылдың соңына жоспарланған.
Жалпы жұмыстар жоспарға сай, алайда бірқатар технологиялық объектілер бойынша белгілі бір қиындықтар туындаған. Осыған байланысты бас мердігер мерзімдерді оңтайландыру жоспарын әзірлеп, оны іс жүзінде жүзеге асырып жатыр.
"Бас мердігер жұмыс қарқынын жылдамдату жоспарын әзірледі, және біз процестің белсенді түрде алға басып жатқанын көріп отырмыз. Зауытты пайдалануға беру 2026 жылдың соңында күтілуде. Зауыт тауарлық газдың қосымша көлемімен, сондай-ақ өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, жоба Атырау облысында тұрақты жұмыс орындарын ашады, бұл өңірдің дамуына оң әсер етеді", – деді ҚР Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібі департаментінің директоры Бақытжан Таубаев.