Атырауда интернеттегі алаяқтықпен күресетін орталық ашылды

126

Anti-Fraud Call Center тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді.    

Атырауда интернеттегі алаяқтықпен күресетін орталық ашылды Фото: polisia.kz

Атырауда интернет-алаяқтыққа қарсы Anti-Fraud Call Center орталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Call-орталық тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Қызметкерлер мониторинг барысында қылмыскердің қоңырау шалғанын анықтаса, дереу жәбірленушімен байланысып, ескерту және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Одан кейін алаяқтық әрекеттің жолын кесу және күдіктіні ұстау мақсатында полицейлер тиісті жедел іс-шараларды жүзеге асырады, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Мамандар тұрғындарды белгісіз нөмірлерден келген қоңыраулар мен күмәнді сілтемелерге сенбеуге, жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Күдік туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына немесе 109 қызметтік нөміріне хабарласу қажеттігі де ескертілді.

Жалпы Атырау облысының аумағында интернет алаяқтары 300 миллион теңгеге жуық қаржыны заңсыз иемденген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу