Атырауда қалың қар жауды

985

Қала қардан тазартылып жатыр 

Атырауда қалың қар жауды

Атырауда – қалың қар. Кешеден бері толассыз жауған ұлпа қар көшелерді басып тастады. Қазір "Арнайыавтобаза" ЖШС-ға қарасты 22 техника мен 90 жұмысшы шаһарды қардан тазартуда, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Бұдан бөлек, қар күреу мен тасу жұмыстарына жеке мекемелер де тартылып отыр. Кеше қаладан 172 текше метр қар шығарылған, бүгін жұмыс жалғасып жатыр.  

"Түс қайта тағы бес КамАз көлігі жұмысқа қосылады. Қала көшелерінен бөлек, Алматы, Атырау, Дамбы, Тасқала селолық округтері де тазартылуда", - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге, бүгін атыраулық жастар қар тазалаушы жұмысшыларға ыстық тағам мен шәй таратты. Акцияны "Атырау-Ақпарат" медиахолдингі мен "Coffee River" компаниясы бірлесіп ұйымдастырған. 

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу