Атырауда кәсіпкерлердің бизнес-форумы өтті

809

Атырауда кәсіпкерлердің бизнес-форумы өтті

Шараға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 300-ге жуық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер қатысты, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгін, 5 қазанда Атырауда "Атырауда жасалған" атты алғашқы бизнес-форум өтті. Іс-шара Елбасының кезекті жыл сайынғы Жолдауының аясында өткізіліп, отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталды. Форумға Атырау облысының шамамен 300 кәсіпкері, сондай-ақ Қазақстанның көршілес өңірлерінің кәсіпкерлері қатысты.
Шараға қатысушылар жергілікті қамту, мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті цифрландыру мәселелерін талқылады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер өздерінің алғашқы жобаларын ұсынуға, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алуға мүмкіндік алды. Форуммен қатар жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, оған 32 компания қатысты.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың айтуынша, форумның алдында қатысушылар тыңдаған Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында отандық кәсіпкерлікті, халық тұтынатын тауарларды өндіруді, импортты алмастыруды, сондай-ақ дамыған елдердің барлық еуропалық стандарттарына сәйкес келетін өнімдерді экспорттауға үлкен көңіл бөлінді. Серік Шапкенов кәсіпкерлерді "қарапайым заттар" экономикасын дамытуға шақырды. Бұдан басқа, бизнес үшін қуатты серпін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін салық амнистиясын енгізу болмақ.
"Қазақстандық қамту" мәселесіне ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлердің айтуынша, бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушылар жергілікті өндірушілерге жоғары талаптар қояды және өндірісте жергілікті өндірілген өнімдер мен тауарларды пайдаланудан жиі бас тартады.
Форумның жұмысы күн бойы жалғасты, пленарлық отырыстар аралығындағы үзілістерде бизнесмендер визиткалар алмасуға, жаңа таныстар мен байланыстар жасауға, сондай-ақ Қазақстанның басқа аймақтарынан келген кәсіпкерлердің бизнес жүргізу тәжірибелерін үйренуге мүмкіндік алғанын атап өтеміз.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу