Атырауда кәсіпкерлерге қайтарымсыз грантқа өтініш қабылдау басталды

254

Құжаттар 10-14 қараша аралығында “Kezekte.kz” платформасы арқылы қабылданады.  

Атырауда кәсіпкерлерге қайтарымсыз грантқа өтініш қабылдау басталды Фото: kaznovosti.kz

Атырау облысында әлеуметтік кәсіпкерлер мен “Бір ауыл – бір өнім” жобасының финалистері үшін қайтарымсыз мемлекеттік грантқа өтініш қабылдау басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Перизат Таңатованың айтуынша, өтінішпен бірге қажетті құжаттар топтамасын тапсыру міндетті.

Былтыр аталған бағдарлама аясында жалпы құны 106 млн теңгені құрайтын 16 кәсіпкерлік жоба қолдау тапқан. Ал, қазіргі таңда өңірде әлеуметтік субъектілер тізіміне енген 72 кәсіпкер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу