Атырауда қатарластарын балтамен қуған оқушы оқитын мектептің директоры қызметінен босатылды

175

Атырау облысы Құлсары қаласындағы №6 мектептің директоры өз арызы негізінде қызметінен кетті.

Атырауда қатарластарын балтамен қуған оқушы оқитын мектептің директоры қызметінен босатылды Фото: Бейнежазбадан

Бұл ақпаратты облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

5 ақпан күні 10-сынып оқушысы қатарластарымен болған жанжалдан кейін оларды мектеп ішінде балтамен қуалаған. Салдарынан 2 бала жеңіл дене жарақатын алған. 

Аталған дерек бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 

Осы жағдайдан кейін Атырау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, оның орынбасары Дарын Шамұратов, Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов бастаған топ Атыраудағы білім ордаларын аралап, қауіпсіздігін тексеруді бастап кетті.

Бұл жұмыс барысында мектептердегі қауіпсіздікке жауапты күзет фирмаларының сапасы мен жұмысы тексерілмек. 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова болса, мектепте болып жатқан балалар арасындағы құқық бұзушылық, төбелес, әлімжеттік сынды келеңсіз жағдайларға басқарушылық тұрғыдан да, құқықтық тұрғыдан да баға берілуі тиіс екенін мәлімдеді. 

– Буллинг мәселесі бойынша қолданыстағы заңнамада әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты Атырау облысына арнайы Оқу-ағару министрілігінен комиссия барады. Өңірдегі бірқатар мектеп тексеріледі. Нәтижесінде, арнайы зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Қорытынды шығарылып, мәселені шешу жолдары талқыланады, деп пікір білдірді министр Жұлдыз Сүлейменова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу