Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

1466

Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған "Қазақстан мұнайы: өткені, бүгіні және келешегі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

1 қыркүйек күні Атырау мұнай-газ университетінде Қазақстанның батысындағы көптеген кен алаңдарының алғашқы ашушысы Сафи Өтебаевтың ескерткіш тақтасы ашылды. Майталман мұнайшының есімі оқу ордасына осы жылдың ақпан айында берілген болатын.

Бұдан кейін "КМГ Инжиниринг" ЖШС "Каспиймұнайгаз" филиалының жаңа кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Ғимараттың құрылысы 2018 жылдың қыркүйек айында басталған. 4 қабатты ғимарат халық үшін ғылымның қашанда ашық екенін дәлелдейтін ашық кітап іспеттес салынған.

Университет ғимаратында Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған "Қазақстан мұнайы: өткені, бүгіні және келешегі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу